СІМ: Түркияда апатқа ұшыраған қазақстандықтарды елге жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр
ҚР сыртқы істер министрлігі Түркияның Анталья қаласында жол апатына ұшырап, ауыр халде жатқан отандастарымызды елге әкелу мәселесін қарастырып жатқандарын мәлімдеді.
Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазады. Айтуынша қазіргі кезде Анталья қаласында орналасқан консулдық қызметкерлері қазақстандықтармен байланыс орнатып, олардың жағдайын бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар, елшілер қазақстандықтарға жасалған операцияның ақысын төлеу мәселесін де қарастыруда.
“Жеті қазақстандық Антальяға өз беттерінше барған, өкінішке орай, сақтандыру полистері болмаған. Сондықтан апаттан кейін олардың хирургиялық операцияның төлеміне байланысты қиындықтар туындады.Дегенмен, біздің дипломатымыз түрік тарапымен келісімге келді, яғни ауыр жараланған бес қазақстандықтың медициналық шығыстарын такси жүргізушінің сақтандыру компаниясы өзіне алатыны болды. Тағы екі азаматымыз бойынша төлеу мәселесі шешілу үстінде.
Қазір біздің қазақстандықтардың жағдайы тұрақты. Оның ішінде екі азаматымыздың жамбас сүйектері сынған, бір қызымыздың миы қатты шайқалған. Олардың барлығы да өз бетінше қозғала алмайды. Бүгінде қазақстандықтарды елге әкелу мәселесі шешілуде”, – деп жазады Жайнақов.
Еске салайық, 21 қыркүйек күні алматылық және талдықорғандық туристер Түркияда аса ауыр жол апатына түсті. Апаттан төрт түрік азаматы қаза тауып, қазақстандықтар ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Оқи отырыңыз:
Синоптиктер: елімізде енді күн жылынбайды
Рудныйда зейнеткерді өлтіріп, тонап кетпек болған 19 жастағы қыз сотталды
“Абу-Даби Плаза” құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті
Қостанайда көшеде тыржаңалаш жүрген бойжеткен іздестіріліп жатыр

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
