СІМ Испания мен Италиядағы елге қайта алмай жүрген қазақстандықтарға хабарлама жариялады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Италия және Испаниядағы елге қайта алмай жатқан қазақстандық азаматтарға хабарлама жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Италиядағы Елшілігі қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясының салдарынан Италиядағы төтенше жағдайға байланысты Италия мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта ресейлік «Аэрофлот» әуекомпаниясы Мәскеу қаласында қайта отырғызу арқылы Римнен Қазақстанға жолаушылар рейстерін жүзеге асырып жатқандығын назарларыңызға саламыз.

Сонымен бірге, үстіміздегі жылғы 11 наурыздан бастап «Аэрофлот» әуекомпаниясы Италияның қалаларына ұшу бағдарламасын өзгертіп жатқандығын хабарлаймыз.  Ақпараттың жаңаруын компанияның ресми сайтынан тексеріп тұруларыңызды сұраймыз.

Испанияда коронавирустың таралуына, жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан Республикасының Мадридтегі Елшілігінің Консулдық бөлімі және Барселонадағы консулдығы Испанияда орналасқан Қазақстан азаматтарымен үнемі байланыста.

Испанияда ауру жұқтырғандардың саны 5700 адамнан асты. Вирустың таралуының басты бағыты 3 мыңнан астам адам тіркелген Мадридтің автономды қоғамдастығы екенін ескеру қажет.

Түрік және Ресей авиакомпаниялары рейстерін тоқтатуына байланысты Қазақстан азаматтарына басқа қала немесе жақын елдер арқылы балама ықтимал маршруттар іздеу ұсынылады (егер мүмкін болса, жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан Мадридтен тыс рейстермен қайту дұрыс болады).

Испаниядан кетіп жатқан Қазақстан азаматтарынан Елшіліктің консулдық бөліміне ([email protected], +34917216290) проблемалық жағдай мен Қазақстанға кету туралы хабарлауды сұраймыз",-делінген хабарламада.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 450-ге жақындады

Инфекцияның тағы төрт жағдайы Қазақстанның үш аймағында тіркелді

Мұнай бағасының қайтадан төмендеуі тіркелді

Мұнай төрт-алты пайызға арзандады

Әскери міндеттілерге жиын кезінде қанша теңге төлейді?

Жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны миллионнан асты

Қытайда коронавирустық инфекцияның басталуынан бірнеше ай ішінде әлем бойынша 53 000 200 адам қайтыс болды

Коронавирус ешқайда кетпейді және жоғалмайды– Денсаулық сақтау министрі

Сонымен қатар, ол ғалымдардың жағдайдың одан әрі қалай дамитыны туралы болжамдарын айтты.

42500 жәрдемақысын ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады

SMS авторизациясының көмегімен "Төтенше жағдай кезіндегі 42500 теңге төлемі" қызметін ала аласыз

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төтенше жағдай кезінде қашықтан жұмыс істейтін каналдар жұмысын күшейтті

Әскери жиын үш айға созылады - Қорғаныс министрі

Елдегі шағын және орта бизнес иелері салықтан босатылды

Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі айтты

СҚО-да бес жасар бала коронавирус жұқтырып алды

2015 жылы туған бала Петропавл қаласында тұрады
Çàãðóçêà...