Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ Гонконгтағы тәртіпсіздіктерге қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Гонконгта орын алған тәртіпсіздіктерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат  агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

СІМ Гонконгтағы тәртіпсіздіктерге қатысты мәлімдеме жасады

«Гонконгтағы жағдайдың шиеленісуіне және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты Қазақстанның Гонконгтағы бас консулдығы біздің азаматтарға қалада қалыптасқан төтенше жағдайды ескеруді ұсынады», - делінеді хабарламада. 

СІМ қазақстандықтарға адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, жиындарға, демонстрацияларға қатыспау, қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен БАҚ-тың жағдайдың дамуы туралы хабарламаларын бақылауға кеңес берді. 

«Гонконг әуежайында әуе рейстерінің кестеден алып тасталуы немесе кідіруі байқалады. Осыған байланысты әуежайға шығар алдында рейстің жағдайын алдын ала тексеру қажет. 

Сонымен қатар СІМ төтенше жағдай туындаған жағдайда келесі номерлер арқылы консулмен дереу хабарласуды сұрады: +852 5689 6282, +7 778 001 6442 (What’sApp).

Еске сала кетсек, 5 тамызда Гонконгта наразылық акциялары қайта басталды. Онда жаппай наразылық акцияларының тоқтамай тұрғанына үшінші ай болды. Соңғы екі аптада наразы топ пен полиция қақтығысы орын алуда.

Талқылау