Парақор қызметкерлер қай министрлікте көп
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің басшысы Анар Жарова сыбайлас жемқорлық жайлаған 5 министрлікті атап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Құқықтық статистика органдарының мәлімдеуінше, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 1002 адам сотталды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 7%-ға аз. Олардың арасында орталық мемлекеттік органдардың қызметшілері (515), жергілікті атқарушы орган қызметкерлері (261), квазимемлекеттік секторда (37) және өзге де тұлғалар (189) бар», - деді Анар Жарова.
Бұған қоса ол парақор қызметкерлер көп ұсталатын 5 министрлікті айтып кетті.
«Орталық мемлекеттік органдар ішінде алғашқы бестікке Ішкі істер (297), Қаржы (49), Қорғаныс (29), Индустрия және инфрақұрылымдық даму (20) және Ауыл шаруашылығы (19) министрліктері кіреді. Бұл қылмыстар аталған министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде немесе ведомстволық бағынышты ұйымдарында жасалған», - деді Анар Жарова.
Қазақстанда жемқор қызметкерлерді өлім жазасына кесу ұсынылғаны жайлы айтылған еді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
