Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің орынбасары не үшін тұтқындалды: Бақытгүл Хаменова ісінің анық-қанығы белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың тұтқындалғанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бақытгүл Хаменова

Қазір әкім орынбасары мен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына қатысты тергеу басталған. 

"Олар Атырау қаласында 145 миллион теңге сомасына Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін ЖШС басшысымен алдын ала сөз байласып, 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді", - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері. 

Күдікті ұсталып, Атырау полиция департаментінің уақытша қамау изоляторына қамалған. Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етілмейді. 

Айта кетейік, бұған дейін Бақытгүл Хаменованың пара алды деген күдікпен қамауға алынғанын хабарлаған едік. 



Еске салайық, қазір Атырау облысы әкімінің өзге екі орынбасарына қатысты қылмыстық іс жүріп жатыр. Әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 182 миллион теңге пара алды деп айыпталған. Ал ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған Қайрат Нұрлыбаев ауыл шаруашылығына заңсыз 80 миллион теңге субсидия бөлген.

Талқылау