Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақстан темір жолы" қызметіне талдау жүргізеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, сыртқы талдауды Агенттіктің, Ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.
“Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенеді. Бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді”, – делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат және талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, [email protected] электрондық поштаға жіберуді сұрайды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн