Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысы өзіне көмекші тағайындады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов көмекшісі мен ерекше тапсырмалар жөніндегі офицерді тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет серіктестік департаментінің директоры Перизат Сәдуақасқа мәлім етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі офицері болып Арман Хасенов тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі болып Шыңғыс Алекешев тағайындалды.

"Аталған қызметкерлердің прокуратура органдарында, қаржы полициясында және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар", - деп атап өтті ведомствода.

Еске салайық, Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы болып 16 сәуірде тағайындалды.

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 01 Маусым, 2021 12:57
Талқылау