Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Си Цзиньпин үшінші мерзімге Қытай Коммунистік партиясының бас хатшысы болып сайланды

Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 20-шы отырысы Си Цзиньпинді Орталық Комитеттің Бас хатшысы етіп үшінші мерзімге қайта сайлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синьхуа ақпарат агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес Си Цзиньпин сонымен қатар Қытай Коммунистік партиясы ОК-ның Әскери кеңесінің төрағасы болып та қайта бекітілді.

Пленум барысында Саяси Бюроның Тұрақты комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Оның құрамына партияның ең ықпалды лауазымды адамдары кірді. Олар алдағы бес жылда елді дамытудың бағыты бойынша аса маңызды шешімдерді қабылдайды.

Қытай Коммунистік партиясының бұл съезі дәстүрлі түрде бес жылда бір рет өтеді.


Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 23 Қазан, 2022 12:10
Талқылау