Си Цзиньпин Дональд Трамптың бейбітшілік орнату бағытындағы қызметін жоғары бағалады. Сонымен қатар ол Пекин мен Вашингтонның көзқарастары әрдайым бір жерден шыға бермейтінін атап өтті. АҚШ президенті Қытай басшысымен көптеген мәселелер бойынша келісімге келгенін сондай-ақ қазір тағы бірнеше мәселе бойынша келісім орнататынын айтты.
“Биылдан бері Дональд Трамппен үш рет телефон арқылы сөйлесіп, бірнеше хат алмастық”, – деді Си Цзиньпин.
Кездесу Кимхэ әуе базасында өтті. Бұл нысан Пусан қаласында, халықаралық әуежай маңында орналасқан. Бұған дейін әуе базасына америкалық әскерилер орналастырылған еді. Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяға Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін келді.
