Қоғамдық жиында микрофон үшін төбелес шығарған шымкенттіктер елді дүрліктірді
Шымкенттің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басшылығымен өткен кездесуде, екі ер адам микрофонға таласып қалды. Бұл туралы «Отырар» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қала тұрғындары өздерін мазалап жүрген сұрақтардың жауабын алу үшін жиналған.
«Әкімге сұрақ» бағдарламасы Шымкенттегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты ұйымдастырылған .
Сонымен бірге, бөлім басшылығымен тікелей байланысу мүмкіндігі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар кездесуге жиналған тұрғындардың бәрін тыңдауға уақыт жететінін ескерткен. Алайда, халық бір-біріне кедергі жасап, әрқайсысы микрофонға жармаса кеткен.
Ұйымдастырушылар тұрғындармен өткен алғашқы кездесуден сабақ алғандарын айта кетті. Алдағы уақытта өткізілетін шараларға осы кемшіліктерді ескеретіндерін айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Өзге ұлтпен қол ұстасқан қазақ қыздарымен күресуші азамат: Ертең мені қамаса, жезөкшелер қаптайды
Маңғыстау облысында өгей анасы баласын 20 жерінен пышақтап өлтірді
Көмір үшін талас: Алматы облысының әкімдігі видеоға қатысты түсінік берді
Астанада жігітінің жыныс мүшесін кескен әйелге қатысты жаңа дерек шықты