Шымкенттік зейнеткер өз қалтасынан ел үшін 50 млрд теңге беретінін айтып Түймебаевты таңғалдырды (видео)
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуде тұрғындар облыс әкіміне өндіріс және әлеуметтік қолдау, құрылыс, электр энергетикасы, инвестиция тарту, сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері сынды бірқатар салалар бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Бұл туралы ТВК телеарнасы хабарлайды.
Жиын барысында Бәйдібек ауданы Ақтас ауылының тұрғыны, зейнеткер Байбек Шымырбеков өз қалтасынан облысқа 50 млрд теңге құюға ниетті екенін жеткізді. Бұл Жансейіт Түймебаевты қатты таң қалдырды.
“Қазақстанға ақша кіргізе аламын” деген зейнеткерге әкім, “50 млрд сіздің ақша ма?” деп таңқалыс білдіреді.
“Федералдық қызметте 200 млрд-қа дейін ақша өткізуге келісім алдым”, – дейді Шымырбеков. Ол тіпті сөз барысында бұған дейін 10 млрд теңгені Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке бергенін де айтады.
Қалталы азамат негізінен ақшаның басым бөлігін өндіріс саласына жұмсауды дұрыс көреді.
Оқи отырыңыз:
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елшімен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты
Қазақстан заңнамасына сексуалдық әлімжеттік туралы бап енгізілмек
18 жастағы жігіт «ВКонтакте» желісіне аудиожазба жүктегені үшін сотталуда
Алматыда тұрғындар тегін азық-түлік үшін шешініп тастады (видео)