Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік қыз жұрттың көзінше анасына опасыздық жасаған әкесін кешіре алмай жүр

Қазақстандық бойжеткен осы күнге дейін әкесінің өздеріне көрсетіп келген қорлығы туралы айтып жылады. Әкесі ақ суды салынып ішкенімен қоймай, жұртқа білдіртіп анасына опасыздық жасайды екен. Бұл күндер артта қалса да, Сара әлі күнге дейін жағымсыз естеліктерден арыла алмай жүргенін айтады. Тіпті, жігіт атаулысына сенім артудан қалған екен.

a507f41cdb90f2888904be7b744fcd675b03c809

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Қазір 19 жастамын. Отбасында екі баламыз: мен және бауырым. Ес білгелі әкем арақ ішіп, анама күн көрсетпей келді. 4 жыл бұрын әке-шешем ажырасып кетті. Қазір әкем басқа әйелмен бірге тұрып жатыр. Бұрын анамды күнде ұрып, аяусыз сабайтын еді. Анамды қорғаған кезде мені де ұратын. Анам екеуіміздің жыламаған күніміз болмады. Әкемді қатты жек көремін. Оның барынан, жоғы жақсы. Мен тумай тұрып қайтыс болып кетсе жақсы еді. Мен оған қатты-қатты ренжулімін. Себебі, көзімді ашқалы анамның көз жасын ғана көріп келемін. Ауыр жарақаттарынан көшеге де шыға алмайды.

Шүкір, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз жақсы болды. Өзіміз Шымкент қаласында тұрдық. Ата-апаммен араласамын. Олар – ішімдік ішпеген адамдар.  Керісінше, ол кісілерге көп алғыс айтамын. Үнемі немерелерінің жағдайын біліп тұрады. Бірақ, әкем қазір басқа әйел алып отыр. Сол әйелмен бірге тұрады. Сонда да ішімдік ішуін тоқтатпаған екен. Сау кезінде базарда сауда жасайды. Анам оны кезінде дәрігерлер мен балгерлерге апарып емдетуге тырысқан болатын. Бірақ, ешқандай көмегі тимеді. Ақ су – оның күнделікті тамағы сияқты. Салынып тұрып ішеді.

Анамның туысқандары келген кезде, періштедей ақ болып отыратын. Туысқандарымызды көмекке шақырайын десек, олар басқа қалада тұрады. Анашымның артық қылық жасамайтынына сенімдімін. Өйткені, ол үнемі қасымызда болып, тамағымызды әзірлеп, мектепке шығарып салатын. Бір күні құрбым «Сенің әкең базардағы Динара деген қызбен құшақтасып тұр ғой» деді. Ол кезде жасым 13-14-те еді. Қатты жүрегім ауырып, барлығын анама айтып бердім. Бірақ, өз көзіммен көрдім деп айта алмаймын. Анам сол әйелге барып жүргенін білетінін айтты.

Тапқан ақшасының барлығын ақ суға немесе сол бір көңілдесіне жұмсайды. Анам нан пісіріп сатады. Сонымен күн көреміз. Мен қазір студентпін. Биыл бірінші курсты тәмамдадым. Достарым жақсы, жан құрбыма қатты сенемін. Бірақ, жігіттермен мүлдем сөйлескім келмейді. Оларға сенбеймін, сенгім де келмейді. Қазір анам аман-сау болса да, осы күнге дейін көрген қорлықты ұмыта алар емеспін. Қаншама жылдан бері азап көріп келдік. Қаншама көз жас төгілді», – дейді бойжеткен Сара.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келін сырқаттанған енесіне күтім жасаудан шаршағанын айтып жылады

Келіншек күйеуінің есірткіге әуестігінен қорқып жүргенін айтып жылады

19 жастағы қыз өзін төсек қатынасына көндіретін жігітінен әбден мезі болғанын айтты

Алматылық келіншек кекілін тым қысқартып жіберген шаштаразбен соттаспақ

Талқылау