Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік әйел: Күйеуім Ақтөбеге вахталық жұмысқа тұрып, ақыры басқа әйелге үйленіп кетті

Шыны керек, бүгінде наныңды тауып жеудің өзі қиынға соғып қалды ғой. Екі қолға бір күрек таба алмай, амалсыздан үй маңын төңіректеп, бала бағып отырған еркектер аз ба? Табыс таппадың деп тепсінген қатынның тегеурініне шыдай алмай ішімдікке салынып кеткендері де көп.

Көрнекі сурет

Біз өмір сүріп жатқан замананың ащы бір көрінісі осындай. Жақында бір әңгіме естіп жағамды ұстадым. Сосын ол туралы  газетке жазуды жөн көрдім, деп жазады zamana.kz.

Мұғалім болып жұмыс істейтін таныс келіншек бір ұлы мен бір қызын жалғыз өзі жетілдіріп келе жатқанын бұрыннан білетінмін. Ұлы да, қызы да сондай тәрбиелі, мектепте үздік оқиды. Анасының айтар ойын қас-қабағынан білетін зерек балалар. Бірақ күйеуімен не үшін ажырасқандарын сұрамайтынмын. Онсызда жаралы жанын тырналап қайтем. Дегенмен бір күні екеумізге оңаша отырып, әңгімелесудің сәті түсті.

«Биыл қызым мектеп бітіреді. Бітіру кешіне әкесін шақырсам келер ме екен деп ойланып отырмын», – деп мұңайды. «Перзенті ғой келетін шығар», – деп мен де үміттендіріп қойдым. «Қайдам? Қатынынан аса алса… – деп күрсінген ол әрі қарай мен сұрамай-ақ әңгімесін бастап кетті.

«Өзімнен де бар, алысқа жұмысқа жібермеуім керек еді, – дейді ол. – Қазір ауылды жер түгіл қаланың өзінде жұмыс табу қиын ғой.

Ол кезде біз ауылда тұратынбыз. Балалар кішкентай, жалғыз өзім жұмыс істеймін. Күйеуім осы екеуіне қарап үйде отырған. Бірде бар, бірде жоқ жетіспеушілік болса да, біз бақытты едік. Күйеуім барда төрт құбыламыз да түгел секілді көрінетін.  Бірде Ақтөбеде жұмыс істейтін бір танысым 60 мың теңге берсең күйеуіңді жаныма жұмысқа тұрғызып беремін, айына пәлен мың айлық салып тұрады деді. Қызығып кетіп, айлығымның бір тиынына да тиіспей күйеуімнің қолына ұстаттым да жібердім. Бар ойым, екі жақтап ақша тауып, балалардың кішкентай кезінде жағдайымызды көтеріп алу болатын.

Сонымен күйеуім алғашында екі-үш айдай айлығын уақытында салып тұрды да, кейін ізім-ғайым жоғалып кетті. Тырс еткен бір хабар болсайшы. Ақырында сол жақта өздерімен бірге жұмыс істеп жүрген бір әйелге үйленіп кеткенін естіп, есеңгіреп қалдым. Күйеуімді менен өзгені сүйіп қалады, отбасын тастап кетеді деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген екен. Осылайша тыныш қана жанымда жүрген күйеуімнен айырылып қалдым. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды», қателігін түсініп, қайтып келер деген үмітпен ауылдан кетпей төрт жыл тұрдым. Келмейтініне көзім жеткен соң балаларымды алып, қалаға кеттім. Қазір оның кеткеніне де он жылдан асты. Тым құрығанда балаларымен сөйлесіп тұрса болады ғой. Мен-ақ жаман бола қояйын, бірақ балалардың не кінәсі бар деймін да».

Осылай деген ол ызаланып жылап қалды. Мен не дейін? «Өмір ғой бұл…», – деп жұбатқан болдым. Бірақ сол өмірді жасайтын өзіміз ғой. Қазіргі ажырасулардың бір түйіні де осында жатыр ма деймін. Неге әр аймақта сол жердің ресурстық ыңғайына қарай өндіріс орнын салып, жұртты жұмыспен қамтамасыз етпеске? Сонда ер-азаматтар Астана мен Алматыға, Атырау мен Ақтөбеге жұмысқа кетіп сабылмас па еді? Шаңырақтар да шайқалмай орнында тұрар ма еді?

Тағы оқыңыз: 

ОҚО-да халқы қар ерітіп ішіп отырған ауыл Қазақстан картасында жоқ болып шықты

Private: “100 жаңа есім” жобасында білікті дирижер атанған Ерлан Бақтыгерей айлықтың аздығынан аспазшы болып кетті

Жүрсін Ерман: Теріс ағымдағылар айтыскерлерді өз мақсатында пайдалануға көшті

Талқылау
Пікір
Халима
23 Қар, 21 жыл - 01:21

Менің басымнан да осындай жаман киыншылық өтіп жатыр, бірақ бәрін басынан бастайын, Біз Азаматпен отасқанымызға 16 жыл толды, осыдан бес жыл бурын Алматыға көшіп бардық, Азаматты жұмыс бабымен ауыстырды, аяғым үшінші қызға ауыр болды. Алматыда босандым, басқарған соң ақша жетпей кетті, қызымды үлкен екі қызыма тастап жұмыс істедім, ақшамды жинап жер алдық, үй соқтық, лайды да иледим, кірпішті де қаладым, ютуб көмегі көп болды, үйге кірдік Азамат екеуміз бақытты сезіндік, алайда мені кайтадан Астанаға бар деп қыздарымен коймай салып жіберді, алты айдан кейін өзі ауысып келетін болып шешті. Астанаға келдім, алты ай емес бір жыл өткен соң Азамат ауысып келді. Төртінші ұл туамын деп төртінші баланы да босандым, Аллаға шүкір қыз босандым, оған кайта қазір қуанамын. Ақшасын Азамат анда кетті мында кетті деп тағы жүрді, осы бір ай бұрын оның басқа әйелі, ол әйелден бес жасар ұлы бар екен. Соларды асырап жүріпті, ол әйелдің аты Мырзабаева Шырынгүл, екі үлкен қызы бар екен, немересі бар екен. Алматыдағы үйімді сатып жіберіпті, енді осы Астанадағы үйден шық деп күніге қуады. Ең жақын деп жүрген адам осындай опасыздыққа барады деп мен ойламаппын. Өзім мұғалімімін. Ұл тараған өзің кінәлісің дегенде төбеме жай түсті. Азамат ол әйелді жақсы көріп қалыпты, Шырынгүл ұл тауып берсем деген ниет білдіріпті, Азамат ұл тапшы деп айтқан екен, Алла оларға ұл беріпті. Енді соған кетіп жатыр. Өмірде қатты соққы болды, қыздарыма да. Алайда пікірлеріңіз болса жазыңыздар, не істерімді білмей қалдым