Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік үш кәсіпкер жол полициясының мұрнын бұзып, погонын жұлып тастады (видео)

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің екі бірдей сақшысын үш жігіт соққының астына алды.

ұрған

Жол полициясының қызметкерлері ережені өрескел бұзғаны үшін “Мерседес” көлігін тоқтатқан. Алайда қымбат көлік мінген жігіттер тәртіп сақшыларына бағынғылары келмеген,-деп жазды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.
Өздерін қуып жеткен полицейлерге қарсылық көрсетіп, күш көрсетіп, төбелесе кеткен. Төбелестыің қзғаны соншалық, тәртіп сақшыларының киімі жыртылып, погондары жұлынған.
Әріптестеріне көмекке келген полицейлер үш жігітті жабылып жүріп тоқтатқан.

Жеке заттарын тәркілеген. Қалталарынан мыңдаған АҚШ доллары мен қомақты теңге шыққан.

Сол ақшаның буы да болар, наркологиялық тексеруге сүйреп әкелген полицейлерге: “Қолдарыңнан түк келмейді. Он минутта ақ сытылып кетем”-деп менсінбеушілік танытқан.

Жолережесін бұзып қана қоймай, тәртіп сақшыларын жабылып ұрған үшеу 1987 жылы туған кәсіпер азаматтар боп шықты.Олардың екеуі Өзбекстан елінен келген оралмандар.

Айтпақшы, ұсталғандардың біреуінің жеке заттарының арасынан шықан қойынкітапшасына көптеген адамдардың өзіне қарыз екені жазылған. “Қаланың жартысы оларға қарыз екен ” десті куәгерлер.

«Біз ол бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алайда, полиция қызметкерлеріне келген дене жарақаттары бойынша қазіргі уақытта олар өз қызметтерін атқарып жүр. Так, бұл азаматтар бір-бірімен сыныптастар, 87 жылғы азаматтар. Екі азамат ҚР азаматтығын алған. Ал, біреуі Өзбекстан республикасының азаматы»,-деді Еңбекші аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Жандос Сұлтанов.

Оқи отырыңыз:

Елбасы билікті қайта бөлу туралы заңға қол қойды

Бауыржан Байбек алғаш рет айдай сұлу келіншегін ел алдына алып шықты

Димашқа еліктеп ән айтып жүрген жанкүйерлер кімдер? (видео)

Жоғалып кетіп Шымкенттен табылған студент жігіт не болғанын есіне түсіре алмауда

Талқылау