Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі жезөкшелер ордасында амалсыз қызмет етіп жүрген қызды клиент жігіт құтқарып қалды (видео)

Шымкенттегі «Сана сезім» үйіне орналасқан екі кейіпкер басынан өткен оқиғаларын айтып берді.

otyrar_kz-00010-696x392

27 жастағы Виктория Алматының тумасы. Ол Алматыдағы туыстарымен бірнеше ай бойы хабарласа алмай, құлдықта болған. Бойжеткен бейтаныс жігітпен желі арқылы танысып, оп-оңай Шымкенттегі бордельге құлдыққа түседі. Ондағылар қызды ұрып-соғып, зорлықпен жұмыс істеткен, деп жазады otyrar.kz.

«Ол бізді аямай ұрып-соқты. Мұрнымыздан қан кетті. «Жұмыс істемесең есірткі шегетіндерге сатып жібереміз. Ол жерде 24 сағат қызмет етесің» деп айтқандарына көндірді. Кілт үнемі өздерімен бірге жүретін», – деп еске алады Вика.

auyzashar

Осылайша интимді қызмет көрсетіп жүргенде оны клиент жігіт құтқарып қалады. Ол қыздың жылағанын көріп, не болғанын сұрайды. Бастапқыда оған да сыр бермеген қыз ақырында бар шындықты жайып салады. Жігіт бұл жайлы полицейлерге айтып, ақыры тексеріс жүргізіледі.

36 жастағы Бота есімді келіншек те 5 жыл бойы құлдықта болған. Оған танысы жақсы жұмыс ұсынып, Мәскеуге шақырады. Ол жерде барлық құжаттарын алып, өзін қинап интимді жұмысқа салады. Ол кезде жасы 18-19 жаста болған. Одан бері 20 жыл уақыт өтті. Қазір қылмыскерлер тиісті жазасын алса екен деп тілейді.

Тағы да оқыңыз:

Қырғыз мүфтиі АҚШ-тың католик шіркеуінде азан шақырды (видео)

Бірнеше жыл бойы маньяктардың құлдығында болған қыздардың тағдыры (фото)

Қарағандыда әйел өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген

Талқылау