Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының экс-директоры аз қамтылған отбасылардың жәрдемақысын алып отырған

Шымкентте Халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директоры Асылжан Жамалбековке халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

31 жастағы мемлекеттік қызметкер қылмыстық топ құрып, 430 млн теңгені жымқырды деп айыпталуда. Топ құрамына мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлер кірген. Шығын көлемі 437 млн 385 мың теңге.

Тергеу амалдары өткен жылдың мамырында басталды. Сол кезде мемлекеттік кірістер департаменті комитеті Жүнісәлиеваны ұстаған болатын. Одан 180 банк каартасы тәркіленді. Қылмыстық топ мүшелері аз қамтылған отбасларды тауып, сенімхаттарын алып алған. Және олардың атынан әр түрлі жәрдемақылар алып отырған. Аз қамтылған отбасыларға жәрдемақыларының тек үштен бірін берген.

Тергеушілер алғашында қылмыстық топ басшысы Жүнісәлиева деп ойлаған. Кейіннен халықты жұмыспен қамту орталығының директорынан күдіктенген.

Асылжан Жамалбеков ауқатты отбасынан шыққан. Әкесі облыстық мәслихат депутаты, ағасы Нұржан Жамалбеков прокуратурада, құқық қорғау органында қызмет еткен.

“Адвокат халықаралық іздеу салудың қаеті жоқ екенін айтып арызданды. Бірақ бұл ұсынысы қаралмады. Асылжан Жамалбековке халықаралық іздеу жарияланды”, -дейді сот төрешісі Еркен Отарбаев.

Айта кетейік, Шымкентте олигархтың ұлы жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Тағы оқыңыз:

ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті

Жынысын ауыстырған трансгендер дүниеге сәби әкелді

Салмағы шоколадпен тең сәби дүниеге келді, дәрігерлер оны аман алып қалды

Дәрігер қалжыңдап тұрсыз ба: әйел жүкті екенін босануға 45 минут қалғанда білген

 

Талқылау