Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы қызды жас жұбайлар пәтерде күшпен ұстаған
Қыздың ата-анасының айтуынша, полиция қызды Шымкенттегі жалдамалы пәтерде күштеп ұстаған жас жұбайларды қолға түсірген.
Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.
Ал бұл уақытта ата-анасы қызды Сарыағаш ауданы бойынша шарлап іздеген.
“Сарыағаш ауданында жоғалып кеткен қызды жалдамалы пәтерде ұстап отыр деген хабар келіп түсті. Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесіне екі күдікті мен қыз жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр”, – деді полицей Сейітжомарт Сейітханов.
Қыз бірнеше күн бұрын өз үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.
“Мен әлеуметтік желіде бір жігітпен сөйлесіп жүрдім. Ол маған Шымкентке келсең жұмыс тауып беремін деді. Мен сол себепті келдім…”, – дейді қыз ата-анасының көзінше.
Оқи отырыңыз:
Санаулы күндері қалған жалғызбасты ана 4 баласы үшін уайымдап жүр
Күйеуі жұмыстан 5 минутқа кешіккені үшін сабаған әйел көрген қорлығы туралы айтты
Ерте қартайған Нұржан әйелімен ажырасып кеткенін айтты
Астанада педофилді ұстап алған құрылысшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін