Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалған егіздерге іздеу жарияланды

17 жасар Асан, Үсен Садықовтар үйінен шығып, қайта келмеген. Зіңгіттей егіз жігіт бала күнінен ауыратындықтан, өз әрекеттеріне жауап та бере алмайды екен. Соңғы мәрте екі ай бұрын жоғалған оларды 10 күннен соң анасы шалғай ауданнан тауып алыпты. Ол кезде егіздердің өзі Бәйдібек ауданына біреулердің қой бақтыру үшін әдейі алып кеткенін айтқан. Енді жақын туысы жоқ мүгедек анасы көршісімен бірге көше кезіп, екі баласын іздеп жүр, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (100)

Гүлмира Садықованың көше жағалап, алдынан жолыққан әр адамға егіздердің суретін көрсетіп жүргеніне бүгін төртінші күн. 17 жасар егіз ұлы Асан мен Үсен үйінен шығып сол күйі жоғалыпты. Жүйке ауруымен ауыратын ұлдардың тілінде де мүкісі бар екен. Анасы онсыз да жарымжан балалары енді көше кезіп жүріп бір жаманшылыққа ұшырап қала ма деп қорқады.

«Қорқам біреу өлтіріп кете ме деп. Машина басып кете ме,деп қоқамын. Көлік басып кетсе қайтемін?» – дейді Асан мен Үсеннің анасы Гүлмира Садықова.

Гүлмираның қорқатынындай-ақ бар. Соңғы мәрте жоғалған кезінде он күннен соң анасы ұлдарын Шымкенттен 100 шақырым жердегі Шаян ауылынан тауыпты. Ал ұлдары өздерін базбіреулер қорқытып көлікке салып, қой бақтырғанын айтқан. Құлдықтан қашып шығып, сандалып жүрген жерінен кездейсоқ кісілер анасына хабар беріпті. Әр алты ай сайын тиісті ауруханада емделуі керек егіздерді былтырдан бері жүйке ауруларымен сырқат жандарды жатқызуы тиіс мекемеде орын жоқ деген сылтаумен қабылдамай қойған.

«Ақыл ойының дамуында тежеу бар.  Ауруханаға апарғанда қабылдамаған орын жоқ деп.Таблетка бер дейді. Берем, одан пайда жоқ», – дейді Асан мен Үсеннің анасы Гүлмира Садықова.

Өзі де екінші топтың мүгедегі Гүлмира кәмелет жасқа жетіп қалсада не оқып-жазуды білмейтін, дәрісінде дер кезінде қабылдамай жүрген ұлдарымды таппайынша нәр татпаймын дейді. Ал кешеден ғана қозғалып жатқан полицейлер Асан мен Үсеннің таяу арада табылатынына сенімді.

«Үш айдың ішінде егіздің анасы 8 рет бізбен хабарласқан. 8 ретте табылды. Үйіне аман есен қайтарылды. Қазір тағы бізге 102 арқылы хабарласты. Сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз қазір. Сенімдіміз табыларына. Көрген-білген адамдар бар», – дейді Әл Фараби аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бақытжан Атегов.

Полицейлердің айтқаны келіп егіздер табылса, Гүлмира енді оларды мүлдем көзден таса қылмаймын деп отыр. 16 жасқа дейін жүйке ауруымен ауыратындарға арналған интернатта оқыған ұлдарын үнемі орын жоқ деп қайтаратын арнайы емдеу мекемесіне жатқызу үшін шенеуніктерден көмек те сұрайды.

Талқылау