Шымкентте жаңа жылды безендіруге бөлінген ақшаны жетім балаларға таратып берді
Шымкентте жаңа жыл қарсаңында 800-ден астам бала күтпеген сыйлықтарға ие болды. Оларға 42 мың теңгеден табысталды.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Әр балаға берілген 42 мың теңгеге қыстық киім сатып алу міндеттеліп отыр. Осылайша облыс қазынасынан жаңа жыл мерекесін сәндеуге жұмсалады деген ақша жетім балаларға таратылып берілді. Бұл жалпы сомасы 34 миллион теңге.
Ақшаның басқа мақсатқа жұмсағанына қарамастан қаладағы мерекелік безендірулер де жасалған. Үш бірдей жасыл шырша қаланың орталық көшелеріне орнатылды. Оларды былтыр сатып алынған ойыншықтармен әсемдеген.
“Қаланы безендіру былтырғы жылдан кем түспейді. Басты назарды орталық көшелерге салдық. Бұл Тәуке хан даңғылы, Республика, Бәйдібек би, Астана және Әл-Фараби алаңы.
Әр мекеме өзінің ауласын безендіріп, аумақтарын әсемдеп шықты. Демеушілер де көмектесіп жатырған көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Түріктің танымал актері өз туған күнінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады