Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте туып Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді

Оңтүстіктің жігіті Нью-Йорктің үздік полицейі атанып, қазір осы жақта жұмыс істеп жүр. Ісіне деген тиянақтылығы оның мерейін өсірді, деп КТК арнасы.

01

Әріптестерінің құрметіне бөленген Димаш Ниязов Наурыз мейрамына орай туған жеріне келіп, ауқымды жоспарларымен бөлісті. Тіпті америкалықтардың қорғаушысына айналған Димаш енді Астанадан бокс клубын ашуды жоспарлап отыр.

“Бәйтеректей” биік, арманы асқақ Димаш туған жерінің ауасын жұтып, Астананы аралап жүр. Ол Америкада ғана емес, Қазақстанда да танымал. 13 жасында отбасымен мұхит асып, Нью-Йоркке көшіп кеткен қазақ жігітінің осында бағы жанды. Димаш қазір алып шаһардың полицейі.

Тіпті жақында ірі есірткі тасымалдаушыларды ұстап Нью-Йорктың үздік полицейі атанған.

“Жұмыс өте ауыр. Негізінен, көшені аралап, қауіпсіздікті қадағалаймын. Тіпті, маған тапаншадан оқ атқан кездер болады. Бірақ, мен ешкімге қару кезенген жоқпын. Жемқорлық деген атымен жоқ. Халық бізге қорғаушысы ретінде қарайды”, – дейді Димаш Ниязов.

Димаш Ниязовтың жұмысы ауыр болғанымен, жалақысы жоғары екен. Теңгеге шаққанда айына алатыны 3 миллион. Ал, қазақ елінің полицейлері үшін мұндай айлық әзірге арман ғана.  Сондай-ақ, Димаш тек полицей ғана емес, Америкада танымал кәсіпқой боксшы. Әзірге 10 жекпе-жек өткізіп бәрінде жеңіске жеткен. Енді Астанада әкесімен бірге бокс клубын ашуды жоспарлап жүр.

“Боксшы болған да полицей болғанда ұнайды. Осы жұмыста жүріп, кәсіпқой рингте үлкен жетістікке жеткім келеді. Жаттығатын залға Қазақстанның туын іліп қойғанмын. Жалпы, қазақ елінің боксшыларын Америкалықтар өте қатты құрметтейді”, – дейді Димаш Ниязов.

Сәті түссе, Димаш жазда Астанада әлемнің атақты боксшыларымен қолғап түйістіруді жоспарлап отыр. Оның үстіне шымкенттік жігіт жақында үйленіп дүркіретіп той жасамақшы. Келін Словакиялық Дженифер есімді бойжеткен. Жырақта жүріп, қазақ тілін ұмытса да, туған жерім мәңгі  жүрегімде дейді Қазақстанға оралуды да соңғы уақытта жиі ойлайтын болған.

Талқылау