Шымкентте тұрғындар зираттардың басына тас қоюға қорқып жүр
Шымкентте тұрғындар зираттардың басына тас қоюға қорқатын болған. Өйткені марқұмдардың басына қойылған қара гранит пен мәрмәр тастарынан жасалынған ескерткіштері соңғы кездері жиі ұрлана бастаған.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Шымкентте “Қайтпас” аталып кеткен мазараттан қара түсті гранит тастары қолды бола бастапты. Отан соғысында ерлік көрсетіп, кейін өмірден өткен әкесіне қойылған қара гранит тастарының жоғалғанын көрген Галина Дюшкова қасиетті орында ойран салғандарға айтар сөзім жоқ деп қынжылып отыр. Соңғы күндері көңілі қобалжи берген соң, мазаратқа келуді жөн санаған. Алайда келгендегі көріністен шошынып қалдым – дейді.
“Кеше таңертең осында келдік. Көргенде жанымыз түршікті. Әкем бірнеше күн түсіме кіріп жүрген еді. Бекер емес екен”, – дейді шағымданушы Галина Дюшкова.
Мазар басына келушілер жағы болса, түсті металл ұрлаушылардың енді тастарға көше бастағанына таңырқап отыр. “Вандалшылар бұрын да болған. Түсті металл мен тақтайшалар ұрлаушы еді. Мрамордың сапасына қарап әрі жұлу оңай болғандықтан, ұрлап жатқан болар”, – дейді тұрғын Максим.
Артынша оқиға басына полицейлер де келіпті. Алайда шағымын тыңдап, жазбаша арызын алған олардан әзірге хабар жоқ дейді. Облыстық Ішкі істер департаментіне хат жіберіп, баспасөз қызметіне бірнеше хабарлассақ та, тәулік бойына хабар алу бізге де мүмкін болмады. Қара гранит пен мәрмәрдан мүсін жасайтын орындағылар зират бастарынан ұрланған тастарды арзан бағада өзге мазараттағы жұмысшыларға өткізеді дейді.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте “Қыз әулиеге” түнегендер сол бойы тұрмысқа шығып, пәтерге қол жеткізген
Психологтар отырып қалған қыздарға жылдам тұрмысқа шығудың құпиясын ашты
Жапонияда ажырасқан әйелдерге жарты жыл тұрмысқа шығуына тыйым салатын заң өзгертілді
Еврей қызы тұрмысқа шығудан бас тартқаны үшін $19 мың шамасында айып төледі