Шымкентте полицей көлігімен ер адамды қағып өлтірді
Шымкентте полиция қызметкері ер адамды қағып өлтіріп, оқиға орнында көлігін тастап кетіп қалған.
Қазір полицей қамауға алынды. 32 жастағы күдікті БМВ көлігімен үш адамды қаққан. Соның салдарынан 37 жастағы ер адам сол жерде мерт болып, 36 жастағы әйел адам мен оның 7 жастағы баласы зардап шекті.
Бұл оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп,желіге жариялап жіберді. Куәгерлердің айтуынша, адамдар қиналып жатқанда жедел жәрдем көлігі кешігіп жеткен. Қазір медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүруде.
Тағы да оқыңыз:
Алматы облысында Kaspi bank ғимаратына қарақшылық шабуыл жасалды
Астанаға жақын маңда дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні көлік қағып өлтірді
Ақсуда мас полицей бес бірдей көлікті соғып қиратып кетті (видео)
Талқылау