Шымкентте оқушылар ракпен ауыратын сыныптасының еміне ақша жинап жатыр
Назарбаев мектебінің оқушылары барлық қайырымды жандардан көмек сұрайды.
16 жастағы Райымбек Ордабек Оңтүстік Кореяда ем алып жатыр. Оқушылардың сыныптасы Райымбекке ішкі ағзасында 4-дәрежелі қатерлі ісік бар деген диагноз қойылған.
Ата-анасының емге ақшасы жетпейді. Сеул дәрігерлерінің бақылауындағы Райымбекке алдағы уақытта 7 химиятерапия жасалуы керек. Оның жақын досы Мұхамеджан Сейітхан сыныптастарымен бірге клуб ашып, ақша жинауға кірісті.
Райымбек физика саласындағы көптеген байқауларды жүлдегері. Ол жол апатының алдын алу туралы жобаның авторы. Баскетболдан үш дүркін чемпион. Дәрігерлер бастапқыда Райымбекке қате диагноз қойған. Оған омыртқа арасындағы дискі жарығы деген диагноз қойып, сол бойынша 6 ай емдеген. Енді оның еміне 57 млн теңге керек.
«Назарбаев мектебі Райымбекке қол шын беруде. Оқушылар хабарлама жазып, қала көшелеріне таратуды жоспарлап отыр. Әркім қолынан келгенше көмектессе екен», – дейді кураторы Әйгерім Әлімбаева.
Алдағы күндері қайырымдылық шарасы өтеді. Стритболдан ақылы біркүндік турнир Орталық саябақта өтеді. Оған тек ерлер командасы ғана қатысады. Команданың жарнасының мөлшерін ойыншылардың өздері белгілеп, қайырымдылық жәшігіне салады. Алаңда орнатылған жәшікке көрермен де ақша сала алады.
«Казкоммерцбанк» АҚ есеп нөмірі Алматы, Казақстан, БИК KZKOKZKX- KZ33926001PN02631245
ИИН 740101314568 (Баланың әкесі –Есмібеков Қасымбек)
Карта HALYK BANK (VISA) 4402 5735 5625 9531
ИИН 590304450155 (Анасының Рахимбаева Назигүл)