Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қылмыстық топты басқарып келген атаман-әйел ұсталды

ОҚО мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық зерттеулер қызметі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Аталмыш топ бірнеше жыл бойы жұмыссыздарға жұмыс орындарын ашу үшін бөліншен мемлекеттік бюджеттің ақшасын армансыз жымқырып келген.

20161011132508

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Қаражатты банкоматтан алып жатқан жерінен қылмыстық топтың ұйымдастырушысы, Шымкент қаласының тумасы және тұрғыны “Д” есімді азаматша қолға түскен.

Сот санкциясымен тінту кезінде тұрғылықты жерінен 180 пластикалық банк картасы, 2 миллионнан астам теңге, әртүрлі жеке кәсіпорындардың 88 мөрі, 22 азаматтың жеке куәлігі, 21 еңбек және 57 чектік кітапшалар табылған.

ҚР “Халықты жұмыспен қамту” заңының орындалу үшін бөлінген қаражатты қылмыстық топ өз пайдаларарына жұмсау үшін ұрлап отырған. Әзірге топтың бес адамнан тұратыны анықталды. Қазірге дейін келтірілген шығын көлемі 5,5 млн теңге деп бағалануда.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы ең танымал есімдер белгілі болды

Ақтөбелік кәсіпкер 7 жетім отбасының әрқайсысына 2-3 бөлмелі үй сыйламақ (фото)

Неліктен Мақсат Үсеновті әуежолаушыларының қара тізіміне енгізген жоқ?

Астанада сұғанақтар аялдамадағы кітап сөресін тонап кетті

Талқылау