Шымкентте қиранды астынан бесіктегі сәбиді шығарып алу сәтінің видеосы пайда болды (видео)
Шымкентте опырылып құлаған үй қирандысы астынан бесіктегі сәбидің шығарылған сәті бейнежазба түрінде пайда болды.
Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.
Видеода дәрігерлердің үйінді астынан бесікте жатқан сәбиді құтқаруға тырысып жатқандары айқын байқалады.
“Үй құлаған туралы ақпарат шығысымен бірінші болып оқиға орынына қалалық жедел жәрдем станциясының 13-бригадасы келіп жеткен”, – дейді меңгеруші Үрия Қалназарова.
Олар құтқарушыларды күтпестен бір жасар сәбиді алып шығыпты. Құтқару операциясына дәрігер Михаил Явров, фельдшер Тахир Османов және Ғалым Айтуғановтар қатысқан. Кішкентай сәби бесікте жатқанының арқасында қауіптен аман қалған.
Еске сала кетейік, 8 қаңтар күні таңғы 3:30-да Шымкентте газ жарылып екі қабатты үй қирап, төтенше жағдай орын алды.
Оқи отырыңыз:
Атырау қаласындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтіріп кетті
ШҚО тұрғыны бір жыл бойы ағасының қыздарын зорлап келген
Оқыс жағдай: Шымкентте екі қабатты үй опырылып құлады
Алматы облысы тұрғындары мұғалімнің жеткіншектерден таяқ жедім деп жала жапқанын айтады