Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қайғылы жағдайда көз жұмған мұғалімнің жесірі пәтерден пәтерге көшудің азабын тартып жүр

Шымкентте қайғылы жағдайда көз жұмған физика пәні мұғалімінің отбасы пәтерден пәтерге көшіп, жайлы баспанаға орныға алмай жүр.

укук

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

2015 жылы Әмина Тұрғынбаеваның күйеуі бюджеттен айлық алатын қызметкер ретінде пәтерге өтініш берген. Алайда ол 3 ай бұрын мектепте болған төтенше жағдай кезінде қайтыс болды. Оның өлімінен кейін оның кезегінің орынына туысы тұруға болады деген ереже болса да, әйелі кезектен айырылып қаламын ба деп уайымдайды. Қазір Әмина кішкентай балаларымен пәтерден пәтерге көшіп жүр.

26 ақпан күні Әминаның күйеуі демалыс күн екеніне қарамастан жұмысқа кеткен. Ол денешынықтыру пәнінің мұғалімі бола тұра, сол күні бір темірді дәнекерлеп жатыпты. Кейін белгілі болғандай мұғалім бірнеше рет өз міндетіне жатпайтын жұмыстарды атқарып жүріпті. Белгісіз себептермен дәнекерлеу кезінде жарылыс болып, 34 жастағы мұғалім ауыр жарақаттан көз жұмады.

“Ол дәнекерлеушіге көмектесіп жатқан, ал жұмысты аяқтаған кезде жарылыс болды. Оқиға кезінде мен үйде болдым. Жансақтау бөлімінде жатып қайтыс болды дегенді естігенде мен сене алмадым”, – деді мұғалімнің жесірі Әмина Тұрғынбаева.

Күйеуінің өлімінен соң Әмина жұмысқа тұруға мәжбүр болады. Алайда ай сайын алатын 32 мың теңге пәтерақы мен балалардың жағдайын жасауға жетпейді. Күйеуі тұрған кезекпен үй алу үшін үміттеніп мамандармен сөйлескен. Алайда кезектегі күйеуінің орынына Әминаның аты-жөні тіркелмеген.

“Күйеуім қайтыс болған соң мен оның орынын маған беру туралы өтініш қалдырдым. Алайда одан бері бір ай өтсе де менің аты-жөнімді рәсімдемеді. Күту керек деп жатыр”, – дейді ол.

Ал Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы болса бұл жерде Әминаның өзі процесті тежеп отыр деп пікір білдірді.

“Оның бірнеше құжаты жетіспейді. Бұл туралы біздің қызметкерлер оған хабарлаған. Егер ол қажетті құжаттарды берсе, бәрі шешіледі. Шын мәнінде бұл айтарлықтай проблема емес”, – дедіТКШ бөлім басшысының орынбасары Гүлнар Әшірбаева.

Шымкентте жалпы саны 30 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Ал Әмина Тұрғынбаеваның марқұм күйеуі бұл кезектің ішінде 5865-ші екен.

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық ұстаздар: Директор ЭКСПО-ға билет алуға мәжбүрлеп жатыр

Үйін су шайған 10 жасар Махаббатқа бүгін кәсіпкер ағасы пәтер кілтін табыстады (видео)

Мәдениет басқармасының қызметкері Қазыбек бидің сіңірген еңбегі жоқ деп жар салды (видео)

8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын

STAN.KZ
Сенбі, 29 Сәуір, 2017 15:41
Талқылау