Шымкентте күзетші қыз екі бұзақыны ұрып жөнге салды (видео)
Шымкентте көңіл көтеру орнында отырған екі жас жігіт есеп-шотты төлеуге қарсылық танытқан. Осылайша клиент пен мекеме әкімшілігі арасында дау басталады.
Бұл туралы TVK хабарлайды.
Ақыры жанжал ұзаққа созылып бара жатқан соң іске нәзік жанды күзетші араласқан. Ол жігіттердің далаға шығуларын сұраған.
Қыз жекпе-жек түрінен арнайы разрядқа ие екен. Екі тарап арасында төбелес болып, ақыры екі жігіт қыздан таяқ жеп қалады. Екеуінің де беттері әбден жарақаттанып, біреуінің жейдесі қызыл қанға боялған. Қыздың тек аздап еріні жырылып кеткен.
Қыз екі жігітпен ешқандай сыртқы көмексіз есеп айырысқанын айтқан. Ал зардап шегушілер қызға басқа күзетшілер де көмектесті деп шағым білдіріпті. Оқиға орынына келген полицейлер істің анық-қанығын тексеріп жатыр.
Талқылау