Шымкентте бұзақылар 113 адамның аты-жөні жазылған ескерткіш тасты талқандап, мәңгілік алауды жұлып кеткен
Шымкентте бұзақылар фашистерге қарсы күрескен қорғасын зауытының қызметкерлеріне арналған ескерткішті талқандап, адам көргісіз қылған. Жұрттың ашуын келтірген бұл сұмдық ел Жеңіс күнін атап өтуге дайындалып жатқан кезде болды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұзақылар Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан 113 адамның аты-жөні жазылған ескерткіш тастың күл-талқанын шығарып, сындырып кеткен. Ал бұл қарапайым қызметкерлер, шеберлер және жетекші инженерлер дәл осы зауыттан тікелей ұрыс алаңына аттанған болатын.
Қорғасын зауыты осыдан 7 жыл бұрын ресми түрде жабылып қалса да, кезінде сол жерден соғысқа аттанған жұмысшылардың туыстары мемориалды өз беттерінше сақтап келген. Көптеген жылдар бойы адамдар ескерткіш тастың айналасын тазалап, гүл шоқтарын қойып келді. Жылдағыдай биыл да Жеңіс күні майданнан оралмаған батыр аталарына гүл шоқтарын қоймақ боп келген тұрғындар күл-талқаны шыққан ескерткіштің жағдайын көріп, төбелерінен жай түскендей болды.
Бұзақылар тақталарды талқандап, тас қып үгіткенімен қоймай, мәңгілік алауды да түп-тамырымен жұлып алып кетіпті. Ал жергілікті әкімдіктегілер мемориалды қалыпқа келтіру жұмытарына араласа алмаймыз деп отыр. Себебі, ескерткіш тақта орналасқан жер зауыт иелерінің меншігінде көрінеді. Сонымен қатар, мемориалды қалпына кетріруге іс жүзінде ешқандай мүмкіндік жоқ. Сондықтан олар қаза болған жауынгерлердің ұрпақтарына Абай атындағы саябақтағы мемориалға баруға кеңес беріпті. Себебі, ол жердегі тізімде де байырғы қорғасыншылардың есімдері жазылған екен.
Оқи отырыңыз:
Меңгеруші жұмыстан кеткен қызметкерге жалақы аударып, оны балабақшаның жөндеу жұмыстарына жұмсаған
Назарбаев: Алматы облысы – бәріне үлгі
Астанада із-түссіз жоғалып кеткен оқушы аман-есен үйіне оралды
Ақтөбеде танымал тележүргізуші Айзат Әбдісамат көз жұмған лифтіден қандай ақау кеткені белгілі болды