Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте алып қашып, зорланды деген Аружанның енесі халықтан көмек сұрады

Өз еркінен тыс күйеуге шыққысы келмей, үшінші қабаттан секірген  19 жастағы Аружан есімді қыздың жантүршігерлік оқиғасы қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Facebook-те пайда болған жазбаның астында желі қолданушылары, қиын жағдайға тап болған Аружанға жанашырлық танытса, оны алып қашып, өзіне үйленуге мәжбүрлеген Сұлтан деген жігіттің жазалануын талап етті.  Алайда Сұлтанның анасы ұлына жалған жаланың тағылғанына сенімді. Оның айтуы бойынша, Аружан жігітке өз еркімен тұрмысқа шыққысы келген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Үшінші қабаттан құлаған Аружанның енесі

Қарапайым жанұядан шыққан Аружан жергілікті кафеде даяшы ретінде жұмыс істеп жүргенде Сұлтан деген жігітке ұнап қалған. Алайда, бірінші кездесуден кейін Аружан Сұлтанға онымен бұдан былай араласқысы келмейтінін айтып, мазаламауын сұрайды. Бірақ оның сөзін елемеген жігіт, қызды әйелдікке алу үшін алып қашып, үйінде 12 күн еркінен тыс ұстаған.

Ол Аружанды зорлап, кейін соны бетіне басып, әр минут сайын кемсітіп отырған екен. Сұлтанның қорлығына шыдамаған бойжеткен бірнеше түйір дәрілерді жұтып алып, өз туған күнінде, яғни 31 қаңтар күні үшінші қабаттан секіріп кеткен. Нәтижесінде, 19 жастағы қыздың омыртқасы, бас сүйек миы зақымдалды, бетінде он сантиметрлік тыртық пайда болды.

Сұлтанның анасы Қанткүл ұлын арсыз қадамға баратын адам санамайды және оған тағылған барлық айыптармен келіспейді. Ол баласын арақ ішпейтін, темекі тартпайтын, мінезі ауыр адам ретінде сипаттайды. Әйелдің сөзінше, Аружан олардың үйіне өз еркімен келген. Қанткүл барлығы тойға дайындалып, қуанышты күйде жүргенде неліктен осындай оқиғаның орын алғанын түсінбейді.

“Бізде беташар өтті. Көңіл күйіміз жақсы еді. Аружан үшінші қабаттан құлап кеткеннен кейін жағдай өзгерді. Ол Сұлтанға өз еркімен қосылды. Егер ұлымды ұнатпаса, некені қиюға келген молдаға айтуы керек еді ғой. Мен баланы ұнатпаймын, бұл жерде тұрмаймын деп айтуға құқығы бар. Бірақ сол кезде ондай нәрсе айтылмады.

Осы уақытқа дейін ол он екі күн бойы біздің үйде тұрды. Қашып кететін, кетіп қалатын да жолдары болды. Анасымен бірге азаннан кешке дейін киім аралады. Одан кейін есіктің алдындағы дүкенге азық-түлік алуға барады, қоқыс төгуге шығады. Қашып кетуіне болатын еді”, — дейді әйел.

Тәртіп сақшыларымен қамауға алынған Сұлтан бүгінгі күні кепілдікпен бостандықта жүр. Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр