Шымкентте ақыл-есін жоғалтқан ер адамның туыстары іздестірілуде
Шымкент қаласының тұрғындары көшеден ақыл-есінен айырылған ер адамды тауып алды. Ол инсульт алғандықтан, қазір оңталу бөлімінде емдеуден өтіп жатыр. Қала тұрғындары науқастың туыстарын іздестіруде.
Жәбірленуші туралы ақпарат Шымсайт әлеуметтік желісінде жарияланды деп, хабарлайды Stan.kz.
Мәлімент бойынша есінен жоғалтқан ер адам базар маңындағы көшеден табылып, аурухана жеткізілген. Медициналық мекемеде оның инсульт алып, есінен айырылғанын айтты. Науқас тіпті дұрыс сөйлей алмай, 47 күн бойы ауруханада болған. Қазір Шымкент қаласындағы емдеу орталығында жатыр.
«Бұған дейін ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат таратылғаннан кейін науқастың толық аты-жөні белгілі болды. Өзгенің бақытсыздығына бей-жай қарамайтын адамдардың арқасында емделіп жатқан ер адамның кім екенін анықталды. Ол 1977 жылы 11 наурызда туылған Бедряшну Алексей Иванович. Бұған дейін Шымкент қаласына қарасты Чапаевқа ауылында тұрып келген. Оның анасы қайтыс болғандықтан, басқа да туыстары іздестіріліп жатыр. Алексейдің туған әпкесі, сондай-ақ ағасы болуы керек»,-дейді хабарламада.
Қандай да бір ақпарат белгілі болса +77079517339 телефоны бойынша хабарласыңыз.
Жіберіп алмаңыз:
Мешіт пен шіркеудің шуынан шаршаған жұрт министрден араша сұрады
СҚО әкімі: Инвесторларға жер таба алмадық, бәрін сатып жіберген