Шымкентте 83 жастағы әже далада түнеп жүр
Хадиша Қайдарбекованың үйі күлге айналып, тұруға жарамсыз болып қалған. Әжейдің тіпті тамақ ішетін ыдыс-аяғы да жоқ. Екі баласынан бірдей айырылған қартқа қазір көршілері қарайласып жүр.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Ауладағы кереует 83 жастағы кейуананың жалғыз мүлкі. Үйі жанып кеткен соң далада қалған қарт көршілері жинап берген көрпе-жастықпен далада ұйықтайды.
Әжей жақынының жаназасына кеткенде үйі өртенген. Бөлменің электр шамынан тұтанған тілсіз жау бүкіл бөлмеге тарап, дүние мүлкі мен құжаттарын күлге айналдырыпты.
Жалғыз тұрып келген әжеге қазір көршілері кезекпен ас пісіріп әкеп жүр.
«Қазір қоқыстарды шығару, цемент алып беру, азық-түлікпен қамту жұмыстары ұйымдастырылып жатыр», – дейді Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маманы Пернебек Айтжанов.
Қазір әкімдіктегілер үйді қоқыстан қайта тазартып жатыр. Алайда, үйді қайтадан салып беруге дәрменсіз. Сондықтан көпшіліктен көмек сұрайды.
Тағы да оқыңыз:
Қырғызстаннан “екінші Димаш” шықты
Телегония: Алғашқы жақындасқан еркектің әйелге әсері жайында шариғат не дейді?
Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр? (фото)
Димаш елбасын туған күнімен ерекше құттықтады (фото)
Жас әнші тұрмысқа шығар алдында жігітінің қызтеке екенін біліп қалды