Шымкентте 600 миллионан астам теңгеге тұрғызылған спорт кешені жабылудың аз-ақ алдында тұр
Шымкентте екі жыл бұрын су және ескек спортшыларының жаттығуына арналған жаңа кешен салынды деп қуанғандар, енді сол кешенге кіруден қорқып отыр. 600 миллионнан астам теңгеге тұрғызылған ғимарат жабылудың аз-ақ алдында.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Ғимараттың терезелері сынып, жылы су беретін құбырлары шіріп кетіпті. Спорт кешенін былтыр қайда жөндеуден өткізген мердігер компанияның жұмысы бір қысқа шыдамапты. Сын көтермейтін сыртқы келбетінен бөлек, ғимараттың есік-терезесін де ауыстыру керек дейді ондағылар. Ал сан мәрте жөндеу көрген жылу қазандығының да жыры әлі бітпеген.
“Қазір базада ыстық су жоқ. Оны жөндемек болғандар ешқашан істі аяғына дейін жеткізген емес”, – дейді су және ескек спорт түрлері әмбебап оқу-жаттығу базасының меңгерушісі Николай Беспалов.
Спорт кешенінің қойған талаптары мердігер компанияға ұнамай қалыпты. Ал жылу қазандығы 2 жылда 15 рет жөнделген. Мердігер компания ғимарат пайдалануға берілген соң 8 ай бос тұрғанын, сол кездегі бірде ыстық, бірде суық температура құрылысқа кедергі келтіргенін айтады.
“Біз ол жылы су құятынды екі мәрте жөндедік, енді амалымыз таусылып өнімді шығарған адамдарға хат жолдап қойдық. Оны мүмкін ауыстырып, орнына басқасын әкелуі мүмкін,” – дейді мердігер компанияның өкілі Ержан Әсембаев.
Спортшылардың айтуынша, оларды алдағы уақытта әлем чемпионаты күтіп тұр. Ал бұзылған ғимаратқа жедел түрде жөндеу жасалмаса жағдайымыз мүшкіл деп отыр.
Оқи отырыңыз:
Балаларды тек қазақ мектебіне беруге шақырған мұғалім жауапқа тартылмақ
Қызылордада әкімдік ғимаратын әкім деп «таныстырғандар» күлкіге қалды
Алматы автобустарында билетсіз жүрген жолаушыларды полицейлер жаппай ұстап жатыр
Шымкентте құрдастарын аяусыз сабап тастаған жасөспірімдер жазадан құтылып кетті