Шымкентте 5 минут бойы көлігін қоя алмаған әйелдер күлкіге қалды (видео)
Ғаламтор желісінде оқырмандарды ду күлкіге қалдырған бейнежазба пайда болды.
Facebook қолданушысы Руслан Көшпенді жариялаған видеода екі әйел көпқабатты үйдің алдына автокөлікті қоя алмай әлек болады. Нәзік жандылар бес минуттан аса уақыт бойы әуре-сарсаңға түседі. Видео шамамен Шымкент қаласында түсірілген деп болжамдануда.
Ал автор: «Әйелдер, олар осындай – әйелдер», – деп жазба қалдырған.
Бұл ретте желі қолданушылары күлкіге қарық болды. көпшілік әйелдердің көлік жүргізуіне қатысты түрлі әзілдер мен оқиғаларды мысалға келтіріп жатты.
«Мынаны соңына дейін көруге жүйкем шыдамады, тіпті басым ауырып кетті», «Шексіз көре беруге болады», «Осындайлар үшін ерлер барлық әйелдерді көлік жүргізе алмайды деп есептейді», «Соңына дейін көре алмадым, бұлар өзі не қалайды?» «Соңына дейін түсіруге шыдамы жеткен таспагерге медаль беру керек шығар», – дейді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте білімді жастар мемлекеттік қызметке үміткерлердің орнына тест тапсырып келген
Ақтауда анасы өзін аяусыз балағаттап тастаған туған ұлын сотқа берді
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен бала анасына қоңырау шалды
Желіде Марк Цукербергтың мәнті әзірлеп жатқан суреті пайда болды (фото)