Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Шымкентте жантүршігерлік жағдай орын алды. Орталық алаңға анасымен бірге серуенге шыққан 3 жасар бүлдіршін тоққа түсіп, ауруханаға түсті. Бала дін аман, алайда қазір дәрігерлер Ринат Әуелтайдың қолын сақтап қалу үшін тырысып бағуда. Есеңгіреп қалған ата-ана қалалық коммуналдық қызметті сотқа бермекші. Алайда шенеуніктердің пікірінше, оқыс оқиғаға баланың анасы кінәлі.

токка тускен бала

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бірнеше сағат бұрын 3 жасар Ринат Әуелтайдың қолына операция жасалды. Қазір баланың өзі әлсіз. Кішкентай Ринаттың анасы Жанат Әзімова баласымен серуенге шыққан күнді қорқынышпен еске алады.

Алты баланың анасы қалаға ауылдан қыдырып келіп, кенже ұлымен бірге Ордабасы алаңына серуенге шыққан. Анасының айтуынша, кішкентай Ринат анасына гүл теріп бермек болыпты.

“Ол баспалдақтан түсіп бара жатты, артынан құлап қалды, дыбысы шықпай қалды. Одан кейінгісін білмеймін. Балама қарап, өзім талып қалдым. Өңі әппақ, бозарып кеткен. Одан айырылып қалған шығармын дедім. Ол өліп қалса білмеймін, өзімді де, ешкімді де кешірмес едім”, – дейді Жанат Әзімова.

Құлап қалған кезде баланың қолы баспалдақтың астындағы тесікке қысылып қалған. Онда жарық бергіш құралдардың сымдары ашық күйде жатқан. Электрлі разряд баланың қолын тұтастай дерлік күйдіріп тастаған. Енді салдарынан бүлдіршін қолынан айырылып қалуы мүмкін. Қазір Ринаттың денсаулығын кардиологтар да жіті қадағалап отыр. Себебі тоқ бүлдіршіннің жүрегіне зиян тигізуі мүмкін. Дәрігерлердің пікірінше, аман қалған Ринаттың жолы болған. Алайда оның толық сауығып кетуіне күмәніміз бар дейді ақ халаттылар.

“Тірі қалғанының өзі бір ғажап. Әзірге жансыз тері мен тіндерді алып тастадық. Бұдан кейін қалыпқа келтіру процессі жүреді. Мүмкін тіндерді ауыстырамыз”, – дейді облыстық балалар ауруханасының комбустиолог-дәрігер Нұрдаулет Оралбаев.

Ал сыртқы жарыққа жауап беретін мекемелер ашық жатқан сымдарды жоқ қылып, тесіктерді жауып тастаған.

“Объект шамамен 5-6 жыл бұрын өткізілген. Мүмкін ішінде бір сымы ашылып кеткен шығар. Менің ойымша, ата-ана баласына қарауы керек. Себебі баланың аты бала”, – дейді Шымкент тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Нұрлан Бектұрсынов.

Алайда Жанат Әзімова ұлының ешқайда да қол сұқпағанына сенімді. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын сотқа беруге арыз дайындауда. Ал үш жасар Ринатқа әлі тағы бір операция жасалуы қажет. Қолын қалыпқа келтіру үшін ол әлі ұзақ уақыт ауруханада жатады.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде туыстары рұқсат бермесе де, марқұмның ағзалары донорлыққа пайдаланылады

Әйелдің мінезін омырауының пішініне қарап таныңыз

Елімізде діни-жоралғылар бір тәртіппен өткізілетін болды

Алматыда суға жарымаған жұрт әкімнің орнынан кетуін талап етті

Талқылау