Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үш бала мен бір әйелдің неден қайтыс болғаны белгілі болды

Қала басшылығы Шымкентте қайтыс болған 4 адамның өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Андрей Стенин

Қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов марқұмдардың иіс тиіп уланып қалғанын мәлім етті.

«Шымкенттегі көп қабатты үйлердің бірінде газдан уланып егде әйел мен 3 бала қаза тапты. Ересектер тарапынан қарапайым қауіпсіздік шаралары сақталғанда төтенше жағдайды болдырмауға да болар еді. Дер кезінде мұржаны тексеріп, орнатып қою қажет еді. Республика даңғылындағы пәтерде қосымша газ құрылғысының бөлек мұржасы болмаған. Өкінішке орай, сумен жылытылатын көптеген пәтерлерде мұржаны тексере бермейді» –  дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.

Оның айтуынша, қала тұрғындарына мұржа тазаланбаған немесе автономды болса техникалық қызмет көрсетушілермен келісімге тұрмай, өздігінен газды қолдануға болмайтындығы ескертілуде.

Ол тұрғындарға мамандарды шақыртып, газ құрылғыларын, мұржаларын тексеруды сұрады. «Қажет болса автономды жүйеден бас тартыңыз», деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, 10 желтоқсан күні Шымкентте көп қабатты пәтерден төрт адамның  денесі табылды. Олар, төрт жастағы қыз бала, он екі және он үш жастағы екі жеткіншек және қарт әйел. Отбасы пәтерді жалдап тұрған. Оларды көптен бері көрмегеніне алаңдай бастаған туыстары мен көршілері полицияға хабарласқан.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда аялдамада жарты сағат бойы порноролик көрсетілді (видео +18)

Ғалымдар: Бала кезінде ата-анасынан көп ұрыс естігендер кейін инфарктқа жиі шалдығады

Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді

Талқылау