Шымкент саябағында 1 жасар қызды қарақұрт шағып алды
29 маусым күні анасы 1 жасар қызымен саябақта қыдырып жүрген. Ол бір кезде қызының қолында өрмекшінің кетіп бара жатқанын байқаған.
Бұл туралы TVK арнасы хабарлайды.
Ол жәндікті түсіріп жіберіп, әрі қарай жүре берген. Кейіннен үйіне келген соң, қызының мазасызданып жылай бастағанын байқайды. Дереу жедел-жәрдем қызметін шақырып, сәбиді емханаға алып кетеді. Дәрігерлер оны қарақұрт шаққанына толық көз жеткізу үшін ұзақ уақыт тексерген. Жансақтау бөлімінен шыққан сәбидің жағдайы қазір тұрақты.
Дәрігерлер жергілікті тұрғындардан саябақтарда сақтықпен жүруге кеңес береді. Өйткені, қазір қарақұрттар ауылдық жерлер де ғана емес, қалада да көптеп кездеседі.
Жіберіп алмаңыз:
Тайландта алып жылан өзін сүймек болған туристің мұрнын шағып алды (видео)
Талқылау