Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент-Алматы пойызының жолсерігі жүкті әйелді босандырып алды

2019 жылдың 14 қаңтарында пойыз жолсерігі жүкті әйелдің босандырды.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жас келіншек Айгүл Жүзбаева пойызда босанып қалды. Оның жүктілігінің соңғ айы болған. Түлкібастан шығысымен Айгүлдің толғағы басталады. Вагон жолсерігі Дәурен Байменов пен өзге де қызметкерлер тиісті көмекке ұмтылды. Олар әйелді босандырып алды.

Сол түні Тараз  стансасында келіншек пен баланы жедел жәрдем қызметкерлері күтіп алып, перинатарлық орталыққы жеткізді. Қазір екеуі де өзін жақсы сезінеді.

“Пойыз жолсеріктеріне алғыс айтқым келеді. Қызым өмірге келді. Бәрі жақсы. Теміржол қызметкерлеріне ерекше алғысымды айтам”, – деді келіншек.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның “Оңтүстік” филиалы басшысы Асқар Шүкірбаевтың айтуынша, пойыз басшысы Нұрманәли Нұрманбетов пен жолсерік Дәурен Байменов марапатқа ұсынылды. Теміржол қызметкерлері тұрақты түрде алғашқы көмек көрсету жағдайларын үйрену курсынан өтіп тұрады.

Былтырғы жылы аталған пойызда 10 бала өмірге келген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау