Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады

Қазақтың қаймағы бұзылмаған Шымкентте қала әкімі орыс тілінің болашағына алаңдап жүрген сияқты. Мәселе қала басшысының аудан әкіміне қатаң ескерту жасағанында. Не үшін дейсіз ғой? Есеп беруде орысша сөйлемегені үшін.

Үйреншікті дағдыны бұзып, халық алдында басынан аяқ қазақша баяндама жасаған Әл Фараби ауданының әкімі Бауыржан Ахметәліұлына жиынға қатысқан тұрғындардың бірі наразылық танытқан. Артынша, Шымкенттің әкімі Нұрлан Сауранбаев аталған сынға байланысты пікірін шұбар тілде былай білдірді, деп хабарлайды 31 арна.

“Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы Послание Жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города была. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать”, – деді әкім Нұрлан Сауранбаев орысша-қазақша араластыра сөйлеп.

Тағы да оқыңыз:

Шымкенттік студент күріш қауызынан аккумулятор жасауды ойлап тапты

Әйелін өзге дінге кірген деп пышақтаған шымкенттік азамат сотталды

Мұсылмандық бейнесінде жасалған Шоқыну суаты желіде шу болды 

Талқылау