Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында үшем дүниеге келді

Облыстық ана мен бала орталығынан 11 қазанда дүниеге үшем әкелген бақытты ана Майра үш арысымен үйге шықты.

Бұл туралы altaynews.kz жазады.

Нәрестелердің есімдерін жолдастары үш жүзге арнап Ақарыс, Жанарыс және Бекарыс деп атапты. Оларды перзентханадан шығарып алуға туған-туыстары, жолдас-жоралары жиналды. Бақытты отбасы үйлеріне, Күршім ауданындағы Сарыөлеңге аттанды.

Күршімдік Майра мен Әзімбектің отбасында бұған дейін алты және үш жастағы екі қыз бар екен. Майраның айтысына қарағанда, өзі жақтан да, жолдасы жақтан да отбасыларында егіздер болғанымен, үшем кездеспепті. Үшемнің анасы Майра педагог болса, әкесі Әзімбек өз ісімен айналысады.

Нәрестелер өмірге кесар тілігімен келгенімен, әрқайсысының салмағы екі келіден артады. Дендері сау. Облыстық ана мен бала орталығы директорының міндетін атқарушы Қарлығаш Мажиринованың айтуынша, енді сәбилер аудандық аурухана дәрігерлерінің қамқорлығында болады.

“Жыл сайын бізде тоғыз мыңдай нәресте өмір есігін ашады. Жыл басынан бері 81 егіз бала туды. Соңғы үш жыл қатарынан үшемдер келді дүниеге. Олардың барлығының денсаулығын біз қатаң бақылап отырамыз”, — дейді Қарлығаш Мажиринова.

Көпбалалы отбасына ана мен бала орталығының дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері сый-сияпаттарын жасап, шығарып салды.

Жіберіп алмаңыз:

Жол апаты кесірінен екі аяғынан айырылған Парафиева сол күні не болғанын айтып берді

Энергетика министрі: Мұнайшылардың тәбетін басып, бензинді арзандату керек

Шығыс Қазақстан облысында мұғалім “батыр” образында сабақ беріп жүр

Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Талқылау