Швейцарияда ядролық соғыс қаупі төнгендіктен бомбадан жасырынуға арналған паналардың дайындығы тексеріліп жатыр
Украинадағы жағдай және ядролық соғыс қауіпі туралы хабарламалар әлем елдерінде бомбадан жасырынуға арналған паналарға деген қызығушылықты артттыра түскен. Қазір мұндай нысандардың дайындығын Швейцария да тексеріп бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап.
Вале кантонындағы азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Мари-Клод Нот-Экердің сөзінше, қырғи қабақ соғыс кезінде бомбадан жасырынуға арналған паналар Швейцарияның барлық муниципалитеттерінде салынған.
"Меніңше, бұл паналар қазір де өте қажет. "Фукусимада" қандай мәселе болғанын еске түсірейік. Бір кездері федералды палата бомбадан жасырынуға арналған пананы бұзып тастамақ болған, алайда "Фукусимада" апат болды. Қазір атом электр станциялары Швейцарияда және Еуропда бар, сондықтан бұл нысандар пайдалы. Қазір әлемде орын алған жағдайдан кейін паналарды дайын ұстаумыз керек деп ойлаймын", – деді ол.
Швейцариядағы паналарға барлық тұрғындар сыяды. Қазір елде 300 мыңнан аса бомбадан жасырынуға арналған паналар бар. Олардың көпшілігін өзге мақсаттарда қолданып келген. Алайда Ресей мен Украина арасындағы жанжалдан соң бомбадан жасырынуға арналған паналарға деген көзқарас өзгерген.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
