Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцарияда мұздықтан 75 жыл бұрын жоғалып кеткен ерлі-зайыпты жұп табылды (фото)

1942 жылы 15 тамызда жоғалып кеткен Марселина мен Франсин Думоленнің сүйектері Швейцариядағы Альпі тауының Цанфлеуран мұздығынан табылған. ДНҚ сараптама және қыздарының тануынан кейін полиция ерлі-зайыптылардың тұлғасын анықтаған. Ерлі-зайыптылар бір-біріне жақын, рюкзактарын асынып, бөтелке, кітап, сағаттарын ұстаған күйі жатыпты.

17-07-2017. Savièse (VS), Le couple retrouvé mort sur un glacier. © Valdemar VERISSIMO

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

75 жыл бойы Думолендердің тағдыры туралы ештеңе белгісіз болып келді.

477

Екі ай бойы оларды таудан іздеп таппағаннан кейін, ерлі-зайыптылардың 5 ұл, 2 қызын балалар үйіне жібереді.

954 (1)

Аяқ киім тігумен айналысатын 40 жастағы Марселин мен мектеп мұғалімі 37 жастағы Франсин 1942 жылы 15 тамызда Шандолэн ауылындағы үйлерінен шығып, сиырларын сауып қайту үшін тауға аттанады. Содан кейін оларды ешкім көрмеген.

863

Швейцария полициясы олардың сүйектерінің 2615 метрдегі мұздықтан табылғаны және ресми түрде танылғанын растады.

383

Полиция ерлі-зайыптылардың кім екенін білу үшін олардың қызы Моник Гаучиді арнайы шақырған.

769

Жергілікті газеттің жазуынша, оларды әскери уақыттағы құжат бойынша таныған.

671

“Біз өмір бойы үмітімізді үзбей, ата-анамызды іздедік. Енді біз жерлеу рәсімін жақсылап ұйымдастырамыз. 75 жылдан кейінгі бұл жаңалық менің көңіліме әйтеуір тыныштық сыйлады”, – дейді 79 жастағы Марселин.

954 (1)

Тағы бір қыздарының айтуынша, сол уақытта аналары жүкті болып, мұздықта еркін қозғала алмаған.

576

Оқи отырыңыз:

Француз жазушысы өз кітабының кейіпкері сияқты өзін өлтірді

АҚШ президенті Путинмен өте қатал түрде сөйлескенін айтты

АҚШ-та мұғалім өз оқушысымен жасаған сексті видеоға түсірген

Дәрігер отбасын атып өлтіріп, соңынан өзіне қол салды (фото)

Талқылау