Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ ер адам шешен қызын бокспен айналысқаны үшін соққыға жыққан

Швейцарияда бес жігіт шешен ұлтынан шыққан спортшы Әминат Елбуқаеваны соққыға жыққан. Айтуынша, оған бокспен айналысатыны үшін ғана шабуыл жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Елбуқаева бетінің сол жағы қанға боялған видеоны жариялап, мәлімдеме жасады.

"Бес адам да маған бұл дүниеде де, о дүниеде де жауап бересіздер. Сосын маған шағымданбаңдар, қорқақтар. Сіз қандай да бір батыл әрекет жасадыңыз деп ойлайтын шығарсыз? Осыған байланысты мен құзырлы органдарға хабарласамын", – деді боксшы қыз.

Блогер Лиен Шейк Елбуқаева бокспен айналысып, шортпен өнер көрсеткені үшін шешендер тарапынан үнемі қоқан-лоқыға түсетінін хабарлады. 

"Оның артынан бес жігіт шабуылдап, оны тепкіледі және сонымен бірге оны тоқтатуға және ізбасарларын оған қарсы улауға шақыра бастаған Қасымнан сәлем жолдады. Егер ол өзін-өзі қорғаумен кәсіби түрде айналыспағанда тірі қалмас еді”, – деп жазды Шейк. 

Оның мәліметінше, Елбуқаеваның миы шайқалған, қабырғалары сынған, беті кесілген. Спортшы бұл туралы желідегі парақшасында жариялады. 

Елбуқаеваның өзі Instagram желісінде оның өміріне екінші рет қастандық ұйымдастырылып жатқанын хабарлады. 

"Өтінемін, бұл жерге шешендер мен ингуштарды қоспаңыз. Бұл ұлтымызға ұят. "Олардың еркек деген аты ғана болмаса, маған қол көтерді", – деп жазды қыз. 

Сондай-ақ Елбуқаева өзіне шабуыл жасаған ер адамдар Швейцариядан кетпек болған кезде ұсталғанын хабарлады.

Талқылау