Шуды "карантинге жауып тастаған" әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Жамбыл облысында Шу қаласын карантинге жабу туралы ғаламторда жалған ақпарат таратқан әйел үш жылдан жеті жылға дейін колонияға жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
34 жастағы Шу қаласының тұрғыны жалған ақпарат таратты деген күдікке ие.
"Ұсталған адам әлеуметтік желілерде жалған хабарлама жіберіп, өзінің қателігін мойындады. Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігінің төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД.
Бұрын сол аймақтың тұрғындары төтенше жағдай кезінде көкпар мен құдалықты ұйымдастырған болатын.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді