Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шуда мектеп директоры қыз ұзату ұйымдастырған

Жамбыл облысы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде мектеп директоры "қыз ұзату" ұйымдастырды. Мерекелі жиынды видеодан әкімдік қызметкерлер байқаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

той

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, ұзатудың Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткені әлеуметтік желілер мониторингі барысында видеодан байқаған.

Шу ауданының әкімдігі полиция департаментімен және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе отырып, іс-шараның 26 маусымда өткендігін растап, тексеру жүргізді.

Шара ұйымдастырушысының карантин режимін бұзғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғынына 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды.

"Іс-шараны ұйымдастырушы Шу ауданы Төле би ауылындағы білім беру мектептерінің бірінде директор болып жұмыс істейтіні анықталды. Бүгінгі күні ол кезекті еңбек демалысында. Демалыс аяқталғаннан кейін тәртіптік комиссия оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселені қарайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мереке өткен мекеменің иесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Шілде, 2020 21:17
Талқылау