Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шприцтер, дәрі құтылары мен қан: Экологтар Алматы маңынан зиянды қоқыс үйінділерін анықтады

Алматылық экологтар медициналық қалдықтарды өртейтін орындарды қатаң тексеруді өніпі отыр. Айтуларынша, рейдке шыққан олар сондай цехтың біріне жүргізілген тексерістің нәтижесінде сұмдық жайттардың беті ашылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

мусор отходы

Медициналық қалдықтар, атап айтсақ, дәрі-дәрмек, шприц пен қан құйылған түтіктер ашық-шашық, әр жерде тау-тау болып үйіліпті. Кейбіреулері қораптарға салыныпты. . Жартылай жанған қалдықтар да байқаған экологтар жылу электр стансиясының жанындағы цехтың санитарлық талаптарды өрескел бұзғанын алға тартуда. Сондықтан мұндай мекемені құзырлы орган тексеруі тиіс деп отыр.

Мамандардың сөздеріне сүйенсек, Алғабас ықшам ауданынан таяқ тастам жерден табылған қоқыстардан түрлі зиянды химиялық заттар бөлінуі мүмкін екен. Оның ауаға тарап ластап жатқаны өз алдына. «Медициналық қалдықтар суға түссе, қауіптің көкесі сонда болады», - дейді табиғат жанашырлары. Олар ережені елемейтін осы сынды мекемені лицезиясынан айыру керектігін айтады.

"Медициналық қалдықтар ашық жерде шашылып жатыр. Бұл дұрыс емес. Егер қоқысты иттер иіскесе, адам баласына да қауіп төндіреді. Мұндай қалдықты өртейтін орындардан радиусы 300 метр қашықта ешбір кәсіпорын, тұрғын үй болмауы керек. Ал мына жерде 10 метрден соң түрлі өндіріс орындары орналасқан. Адамдар жұмыс істейді. Бұл мекемеге қалайша лицензия берілгеніне таң қаламын", - дейді эколог Тимур Елеусізов. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараз тұрғыны бақылау-өткізу пунктінен жібермеген полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Ер адам полиция қызметкерінің қойылған талаптармен келіспейтінін білдіріп, оны боқтаған

Бөртпе және конъюнктивит COVID-19 белгілерінің бірі болуы мүмкін - Денсаулық сақтау министрлігі жаңа хаттамасы

COVID-19 үшін жаңа клиникалық хаттамалар бекітілді

Мұнай бағасы 40 пайызға өсті

Шамамен жарты сағат бұрын Brent маркалы мұнай бағасы 40 пайызға көтерілді

Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады

Миллионнан астам қазақстандықтар жәрдемақыны белсенді түрде алады

Коронавирустың өсуі баяулауда - Ерлан Қарин

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік режимнің күшеюі өз нәтижесін беруде

Түркістан облысында жаңа тіркелген науқастар - коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Қазақстанда ел бюджетінің тапшылығын алдын алу үшін 3 триллион теңге қарызға алу жоспарланыпты

Вице-министр: Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет

Мүгедектігі бар 75 жастағы алматылық қария үйінде жалғыз қалып, азық-түлік алуға сыртқа шыға алмай отыр

Зейнеткер: Полиция көріп қалса, ұрысып шыға келеді

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Алматы обысында нанды қаптамасыз сатқан кәсіпкер айыппұл арқалады

Азаматқа 26 510 көлемінде айыппұл тағайындады
Çàãðóçêà...