AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шоу-бизнес жұлдыздарының діни мәселелерді көтеруі дұрыс па: Дін істері комитеті жауап берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов танымал тұлғалардың діни мәселелерді қозғауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құрбан айт мейрамы қашан мерекеленеді?

Орталық коммуникациялар қызметінде "соңғы уақытта шоу-бизнес жұлдыздары, қоғамдық пікір жетекшілері діни мәселелер туралы пікір айта бастады. Әлеуметтік желіде үлкен аудиториясы бар, бірақ арнайы діни білімі жоқ адамның дін тақырыбында сөйлеуі, пікір білдіруі қаншалықты дұрыс?" деген сұрақ қойылды. 

 


Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге бола ма: Министрлік жауап берді


"Бұл мәселе өте өзекті, қазір діни білімі бар адамдар да, жоқ адамдар да пікір білдіріп жатады. Менің айтарым, дін тақырыбы – өте күрделі, өте нәзік тақырып, сондықтан оған дайындықпен келген дұрыс. Бұл салада ой айту үшін, ұсыныс беру үшін саналы түрде ақыл-ой жинақтап келу керек және сол саланың маманы болу керек. "Шымшық сойса да, қасапшы сойсын" деген мақал бар. Яғни әр саланың маманы болу керек. Ал қандай да бір үрдіс үшін немесе өз танымалдығы үшін мемлекеттікке, бірлікке нұқсан келтіруге болмайды, бұл шатысуға алып келеді. Сол себепті мамандар жұмыс істеуі керек. Әрине, басқалар да өз пікірін білдіруге ерікті, бірақ халықты адастырмауы керек", – деп жауап берді дін істері комитетінің төрағасы.

Айта кетсек, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитеті Қазақстанда енді дінге сенбейтіндердің құқықтарын заңдастыратынын айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр