Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шотты 10 минутта ашыңыз”. Кәсіпкерлерге арналған су жаңа мүмкіндік

Кәсіп бастауға бел буған кез келген жан енді сандық технология көмегімен жұмыс машақатының көп бөлігін оңай әрі тез шешеді. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар үйде отырып-ақ, еш қиындықсыз шот аша алады. Енді бұрынғыдай ұзақ кезек күтудің қажеті де жоқ. Ал пандемия кезінде бұл қызметтің танымалдылығы одан сайын арта түсті. Бүгін біз кәсіпкерлерге арналған жаңа мүмкіндіктер жайлы ақпаратпен бөлісеміз.

халық банк

Кәсіпкерлер банк бөлімшесіне барарда өзінің негізгі жұмыстарынан ауытқиды, бизнесін ысырып қоюға мәжбүр болады, осылайша, табыс көзінен айырылады. Одан бөлек, белгілі бір банк операциясын жасау кезіндегі қағазбастылық, құжаттарды дайындау да адамдарды шаршататыны анық. 

Осы орайда, Halyk Bank клиенттермен тиімді әрі нәтижелі қарым-қатынас жасап қана қоймай, енді тұтынушыларының қолайлығына баса назар аударуды жөн көрді. Осы мәселені цифрлы деңгейде сапалы түрде шешу жолында Банк кәсіпкерлерге су жаңа қызметін ұсынады. Бұл жеке кәсіпкерлерге арналған бірегей мүмкіндік -  онлайн шот ашу. Банк енгізген онлайн-онбординг жүйесі арқылы енді жеке кәсіпкерлер шотты жедел әрі сапалы түрде небәрі 10 минутта аша алады. 

Онбординг дегеніміз - бөлімшеге келмей-ақ, банктегі барлық қызметті қашықтан алу қызметі.

Бәрімізге белгілі, Қазақстанда заңды түрде жұмыс істеу үшін компаниялардың есепшоты болуы тиіс. Қызмет сапасы таңдаған банкке байланысты болмақ. Себебі банктер кәсіп жүргізгенде жеке шотты қолдануға тыйым салады. Кәсіпкерлер қаржылық-несиелік ұйымдармен серіктестік шарттарын заңды тұлғалармен бірлесе отырып, қарастырады.

Көптеген жеке кәсіпкерлерге қаражатты жіберіп, қабылдау үшін, шот керек және ол өз кезегінде адамды негізгі жұмысынан алаңдатпайтындай, ұзын-сонар кезекте күтіп уақыт алмайтындай, керісінше, тез әрі жеңіл жасалуы тиіс.

Halyk Bank енді тек өз клиенттеріне ғана емес, кез келген тұтынушыға онлайн шот ашу мүмкіндігін ұсынады. Ол үшін сіз тек қана видеотексерістен өтіп, банктің барлық тауарлары мен қызметтерін ала аласыз.

Halyk Bank - ірі қаржылық институт бола тұра, жеке кәсіпкерлер үшін шотты онлайн ашуға мүмкіндік берген алғашқы банктердің бірі. 

Шотты қалай ашамын?

Жеке кәсіпкер openaccount.onlinebank.kz сайтына кіріп, өз ұялы телефон нөмірін жазады, бұл нөмір электронды үкімет порталындағы мобильді азаматтар дерек қорына байланған болуы тиіс. Келесі қадам, электронды үкімет порталына тіркеліп, Onlinebank порталында тексеріс және тіркелу процесінен өту керек. 

Онлайн шот ашу жобасын іске қосуда жаңаша банк атқарымдары, OAuth Egov.kz (ҚАТ АҚ), Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ),  Liveness онлайн видео тексеріс жүйелері қолданылды.

Ең бастысы, Onlinebank қосымшасын жүктеу қажеттілігін атап өтейік, себебі банк қызметін сыртқа шықпай, осы қосымша арқылы жүзеге асыруға болады.

Halyk Bank шағын және орта бизнес бойынша сату департаментінің директоры Альфия Жексенбай аталған жоба Қазақстанда теңдесі жоқ екенін айтады. 

“Halyk Bank енгізген кәсіпкерлерге онлайн шот ашу қызметі - әлемдік өлшемдерге сәйкес жасалған бірегей жоба. Жұмыс барысында көптеген жаңа технологиялық компонент іске асырылды, беделді консультанттар, мемлекеттік онлайн сервистер тартылды, жаңа тәсілдер қолданылды”, - дейді маман.

Halyk Bank ұсынған онлайн шот ашу сапалы цифрлық сервисін кесіпкерлер қашықтан ала алады. Осылайша, қазақстандық банк заманауи тиімді әрі оңтайлы тәсілдермен отандық кәсіпкерлікті дамыта түспек. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Қараша, 2020 10:15
Талқылау