Шотландиялық хоккейші Ибицада қайғылы жағдайдан қаза тапты

Шотландиялық 19 жастағы хоккейші Гэри Келли Ибицада демалыс кезінде қонақүйдің балконынан құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Standart порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі шақырылғанымен, дәрігерлер спортшыны аман алып қала алмады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бақылау камераларының жазбалары бұл оқиғаның жазатайым жағдай екенін көрсеткен.
Басылым мәліметінше, екі апта бұрын дәл осындай жағдайда Келлидің отандасы Эван Томсон да көз жұмған. Қауіпсіздік шараларына байланысты сынға ұшыраған қонақүй басшылығы барлық ойын-сауық шараларын тоқтатқанын мәлімдеді.
Гэри Келли Шотландияның ұлттық лигасында өнер көрсетіп, "Данди Рокетс", "Абердин Линкс" және "Данди Старз" командаларының құрамында ойнаған. Өткен маусымда ол 13 матч өткізіп, 17 (10+7) ұпай жинаған.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

