Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шошаңдаудың да түр-түрі бар": Нұрлан Еспанов қыздар туралы

Нұрлан Еспанов қыздар туралы ойын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Шошаңдаудың да түр-түрі бар

Танымал өнер иесі қыздың бойында қандай қасиеттер болғаны жөн екенін айтып берді. Әрбір арудың өзіне тән ерекшелігі болуы керек дейді ол. Егер ерекшелік болмаса, қыз бала тұрмыс құра алмайтынын айтты Нұрлан Еспанов. Сонымен қатар "шошаңдау" деген ұғымға түсінік беріп, қыздармен байланыстыра сөйледі.

"Шошаңдаудың да түр-түрі бар. "Қыз қылығымен тәтті" дейді, соны ұмытпау керек. Қыз қылықты болуы керек. Егер ол қылықты болмаса, күйеуге шыға алмайды. Сол себепті оның ер адамды қызықтыра білетін ерекше қасиеті болуы шарт", - дейді Нұрлан Еспанов. 

Сонымен қатар, өнер иесі егер ер адам емес қыз болып туылса бойындағы қандай қасиеттерін өзгертетінін айтты. Оған қоса, қыз балаға тән қасиеттерді тізіп берді. 

"Шошаңдағанды қоятын шығармын. Негізі білмеймін. Қыз деген салихалы, сымбатты, қылықты болуы керек", - дейді Нұрлан Еспанов.

Талқылау