Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Бейжің олимпиадасының жартылай финалына өтті
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы 2022 жылы Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында аралас командалық эстафетада бақ сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Сурет: Olympic.kz
Қазақстан құрамында Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша өнер көрсетті.
Ширек финалдық жарыстардың қорытындысы бойынша қазақстандық шорт-трекшілер 2:43,02 уақыт көрсетті және бұл жарыстың жартылай финалына шығу үшін жеткілікті болды.
Алайда 1/2 финалда өз жарысында Қазақстан құрамасы үшінші орын алып, финалға өте алмады.
Бұған дейін шорт-трек жарысында қазақстандық Әділ Ғалиахметов жарысқа түскен болатын. 1000 метрге іріктеу жарысында ол үшінші орын алып, ширек финалға өте алмады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық шаңғымен секірушілер финалға өткені хабарланған болатын.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн